Иран тарабы өзінің Сүриядағы әскери араласуын жалғастыратынын қайталай мәлімдеді. Аталған мәлімдемені Иран Мәжілісінің Халықаралық істер жөніндегі арнайы өкілі Хусейн Әмір Абдуллахиян жасады. Бұл туралы сол елдің «Тесним» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Иран ресми лауазымдысының айтуынша, Сүрия жерінде ДАИШ күштері жеңіліс тапқанымен, Израиль тарабы өз ықпалын жүргізуге күш салып келеді. «Израильдің бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін Иран Сүриядағы әскери әрекетін жалғастыратын болады», – деді Әмір Абдуллахиян. Мәлімдемеде оған қоса, Иранның әскери күштері Сүрия жеріндегі әскери операцияларды бірқалыпты жүргізіп келе жатқаны айтылады.
Израиль тарабы Сүрияның өзіне жақын шекарасында Иранның белсенді әскери әрекеттеріне наразылық танытады, әрі алаңдаушылық білдіріп келеді. Израиль үкіметі Иранның Сүриядағы әскери араласуын болдырмауға бар күшін салып келеді. Бұған АҚШ пен Ресей тараптарының қолдауын үміт етеді. Батыс ақпарат құралдарының мәлімдеуінше Трамп пен Путиннің 16 шілде күнгі кездесуінде де аталған мәселе талқылануы мүмкін.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес