Иракта әскерлерді аяусыздықпен өлтіргендері анықталғаннан кейін ДАИШ ұйымының 112 террористіне берілген өлім жазасы жүзеге асырылды. Бұл туралы yeniakit.com.tr агенттігі хабарлайды.
Террорлық ұйым ДАИШ содырларынан көптеген жерлерін азат еткен Ирак, жұма күні 12 бірдей террориске өлім жазасын кесті. ДАИШ 2014 жылы маусым айында Ирактың ең үлкен қалаларының бірі Мосулда халифаттық жариялап, елдің бірқаар ауқымды аумағын өз бақылауына алған еді. Халықаралық одақтың да қолдауымен террористер 2017 жылдың шілде айында 10 айға жалғасқан үлкен операциялық қимылдың нәтижесінде Мосулдан шығарылған еді. Алайда, террористер дереу Сүрия шекарасына жақын шөлді аймақтағы бірқатар жерлерді тағы да бақылауына алған болатын. Осыған орай, өткен аптада Ирак Сүрия территориясында ДАИШ жетекшілерінің өзара жиыны үстінде оларға әуе шабуылы да жасалды. Ал ел территориясынан ұсталған террористерге билік тарапынан шұғыл түрде үкім шығарылды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы