АҚШ Башар Асад режимі мен Дера қаласындағы ирандық топтармен күресуші оппозицияны қолдаудан бас тартты, - деп хабарлайды «eadaily.com» агенттігі.
Асадтың қарсыластары америкалықтардың өздеріне араб тілінде хабарлама жібергенін айтқан. АҚШ өкілдерінің жолдауында: «Аймақтағы ахуал Америкалық үкіметке мәлім. АҚШ ресейліктер мен сүриялық режимге Сүрияның оңтүстік-батысында ешқандай әскери операция жасамау туралы ескертті. АҚШ-тың әскери араласуын күтпестен-ақ өз отбасыларыңыздың болашағын ойлаңыздар» ,- делінген.
Айта кету керек, АҚШ, Ұлыбритания және Иордания 2015 жылдан бері Сүрияның оңтүстігіндегі әскери операцияға қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылы Астанада жасалған келісімшартқа сәйкес, Дера қаласы Сүриядағы қақтығыс азайған аймақ тізіміне енгізілген еді. Алайда, арадан екі ай өтпестен қала осы мәртебесінен айырылып, АҚШ пен Ресей тарапынан «қауіпсіздік аймағы» болып жарияланған болатын. Көп ұзамай, АҚШ Сүрияның осы аймағындағы оппозиция отрядтарына берілетін көмекті тоқтатқан. Уашингтонның ескертуіне қарамастан, Асад режимінің күштері мен ирандық топтар осыдан біраз уақыт бұрын Сүрияның бүкіл аумағын бақылауға алу мақсатында Дера қаласында ауқымды операция бастаған еді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі