Газа секторындағы «Ұлы оралу маршы» науқанына байланысты құрылған Жоғары ұлттық комитет палестиналықтарды жұма күні қарсылық науқандарына шығуға шақыруда. Айта кету керек, аталған қарсылық науқанына дайындық шараларының басталғанына біраз уақыт болған. Тіпті оған «Газадан Батыс Иорданға дейінгі қан мен тағдыр бірлігі» деген ұран да дайындалған.
Аталған комитет таратқан мәлімдемелерге сәйкес, ұйымдастырылып жатқан қарсылық науқанының мақсаты өз құқықтары үшін күрескен Палестина халқына көрсетілетін қысымға қарсы тұру, палестиналықтардың ауызбіршілігін көрсету.
Бәрімізге белгілі, үстіміздегі жылдың 30 наурызынан бері Газа секторы мен Израиль шекарасы қақтығыстан көз ашпай келеді. Қақтығыс «Жерді қорғау күнінің» 42 жылдығына орай, палестиналықтардың «Ұлы оралу маршы» деген атаумен бейбіт науқан өткізулеріне байланысты тұтанған. Науқан барысында израильдік әскерилер мен палестиналықтар арасында бірнеше мәрте атыс орын алып, салдарынан көптеген адам қаза тауып, жараланған еді. Атап айтар болсақ, қарсылық науқанынан бері израильдік әскерилер 130 бейбіт палестиналықты, оның ішінде 2 дәрігер, 2 журналисті өлтірген. Олардан бөлек, 14 мыңнан астам адам ауыр жарақаттанған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі