Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 30 миллиард теңге қаржысы шетелдік компанияларға салынған.
Астана телеарнасының хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық Банкі Бірыңғай зейнетақы қорына тиесілі 30 миллиард теңге қаржыны Қытай және Үндістан елдерінің компанияларына салған. Атап айтқанда, еліміздің бас банкі Finance Corporation - 7,52 миллиард теңге, The Export-Import Bank of China - 6,82 миллиард теңге, Export-Import Bank of India - 4,86 миллиард теңге, Three Gorges Finance - 3,21 миллиард теңге және Avi Funding Company Limited - 2,27 миллиард теңге қаржы құйған. Бұдан бөлек БЖЗҚ қаржысы АҚШ, Бразилия және Ресей сияқты мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығына салынған.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың мамыр айында дәл осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі 71, 3 миллиард теңге Әзірбайжан халықаралық банкіне құйылғандығы және аталмыш банктің банкротқа ұшырағандығы белгілі болған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды