Ауғанстанның Кандахар провинциясында Талибан ұйымы құрылыс жұмысшыларын барымталады. Талибан қарулы топтары мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс болып, 4 полицей оққа ұшты. Бұл туралы Ауғанстанның мемлекеттік арналары хабарлады.
Жергілікті әкімшіліктің берген мәліметіне қарағанда, Талибан қарулы тобы Кандахардың Сайн-Булдек ауданындағы жол құрылыс компаниясының жұмысшыларына шабуыл жасап, 13 техникпен бірге 20 жұмысшыны барымталаған.
Жұмысшыларды құтқаруға келген полиция қызметкерлерімен атыста 4 полицей қаза тауып, екі адам жарақат алған. Талибан тарабынан өлгендер мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ. Қазір Кандахардағы қауіпсіздік күштері жұмысшыларды құтқару операциясына дайындалып жатыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы