АҚШ кеше БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестен шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео мен БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли жазбаша мәлімдеме жасады.
Никки Хейли былтыр жасаған ескертуінде, АҚШ тарабы құрамында 47 мемлекет бар БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау кеңесінен шығуы мүмкін екенін айтқан. Оның көрсеткен себебінде, аталған кеңес үнемі Израильді сынға алады және адам құқығын қорғау жағдайы төмен елдерге нақты шара қолданбайды. Бұл ескертуінен бұрын АҚШ өкілі аталған кеңестің тәртібін, бағытын, жұмыс ережесін реформалау керек екенін бірнеше рет айтқан.
Аталған мәлімдемеден бір күн бұрын БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зайед Раад Хусейн АҚШ-тың заңсыз көшіп-қонушыларды шектеу саясаты ата-ана мен балаларды бір-бірінен айырып отырғанын сынға алған еді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау