Екі күн бұрын, АҚШ Ұлттық ғарыш комиссиясы Ақ үйде кездесу өткізді. АҚШ президенті Дональд Трамп жиналыста: «АҚШ-тың ғарыш кеңістігінде болуы жеткіліксіз, біздің ғарыштық күштеріміз қалайда үстем болуы керек», – деді. Ол және Құрама Штат Қарулы күштерінің алтыншы армиясын Ғарыш армиясы етіп құруға бұйрық берді. Бұл туралы VOA ақпараты хабарлады.
Ғарыш армиясын құруды Трамптан бұрынғы да АҚШ президенттері ортаға қойған. Бастаманы қолдаушылардың айтуынша, бұл Пентагонның құзіретін арттыра түседі. Дегенмен, кейбір әскери шенділер арасында аталған бастаманы сынға алғандар да болды. Олар жаңа әскери қызметті жолға қою, басқа бағыттарға бастайтынын айтады.
АҚШ Қарулы күштерінің қазіргі бес негізгі қызметі – Құрлық армиясы, теңіз армиясы, теңіз армиясының құрлық қосыны, әуе армиясы, теңіз жағалауын қорғаушы қосындар болып бөлінеді. Бұған дейін ғарышпен байланыс немесе басқа бағыттағы жұмыстарды әскери-әуе күштерінің қарамағында болып келген.
Қорғаныс министрі Жеймс Меттис бұған дейін Ғарыш армиясының құрылуына қарсы болып келген. Ол былтыр қазан айында Сенаттың Әскери комитетіне хат жазып, әскери басқару шығындарын қысқартып, операциялық күш-жігерді біріктіруге туралы ұсыныс жасаған.
Reuters агенттігінің хабарына қарағанда, Пентагон Трамптың бұйрығына әлі жауап бермеген. Дегенмен, қатысты лауазымдылардың айтуынша, Қорғаныс министрлігі Ақ үйдің ұстанымын бұлжытпай орындайды.
Ғарыштық күштерді құру Конгреске жаңа бюджет бекітуді талап етеді. Бұл мәселеде әлі де қарсы пікірлердің болатынын білдіреді.
Ал, президент Тромп болса, бұл бастамамен қатар ғарыштық трафикті басқаруды және ғарыштық қоқысты тазартуды күшейту бойынша «Ғарыштық саясат туралы директиваға» қол қойды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі