БҰҰ-ның ресми мәліметі бойынша, 2016 жылмен салыстырғанда өз отандарын тастап, безіп кеткен босқындардың саны 2,9 млн-ға артқан. Ал, олардың жартысын балалар құрайды екен. Бұл туралы france24.com агенттігі БҰҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Конго Демократиялық Республикасындағы дағдарыс, Оңтүстік Судандағы соғыс және Мяньмадағы Рохинжа мұсылмандарының қудалануы мәжбүрлі қоныс аударушылар санын рекордты деңгейге жеткізді. Біз, әлем елдері болып адамдарды көшірудің тың әрі жаңа жолын табумыз керек», - деген БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссары Филиппо Гранди.
БҰҰ мәліметі бойынша қақтығыс пен қудалаудан қашқан босқындар саны 68, 5 млн., ал бассауға іздеушілер саны 2017 жылдың соңына қарай 3.1 млн. адамға артқан. Ал, 40 млн-ға жуығы ел ішінде «көшіп-қонуда» екен. Сонымен қатар, статистикаға қарағанда, Сүрия ішкі миграция саны басым елдердің көшін бастайды. Одан кейінгі орында Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы және Ауғанстан елдері бар. Босқындардың жартысынан көбін палестиналықтар құрайды. Ал қалғандары Сүрия, Ауғанстан, Оңтүстік Судан, Мяньма және Сомали елдерінің тұрғындары екен. Айта кететін жайт, ресми санақ бойынша, босқындардың 85%-ы дамыған елдерге бас сауғалайды екен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді