Шу маңында Алматы-Астана бағытындағы «Бәйтерек» пойызы аударылды. Апаттан бір бала қаза тауып, тағы 14 жолаушы дене жарақаттарын алған. Әзірге пойыздың шойын жолдан шығу себебі анықталған жоқ. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
Мамандар пойыздың рельстен шығып кетуіне - тізгіншінің бұрылыс кезінде жылдамдықты азайтып үлгермегені себеп болуы мүмкін дейді. Алайда бұл тек болжам ғана. Апаттан зардап шеккендер Жамбыл облыстық ауруханасына жеткізілген екен. Дәрігерлер барлығына алғашқы көмек көрсетіп, біреуін емдеу мекемесіне жатқызған. Қалғандары үйлеріне жіберіліпті. Ал, қаза тапқан жеткіншек небәрі 13 жаста болған екен.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығы жолаушылардың шығынын толық өтеп беруге келіскен. Олар жарты жолда қалып қойған адамдарды Алматыға кері жеткізіп, медициналық көмекке мұқтаж болғандарға жәрдем көрсетіпті.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды