 
                                    Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея президент сарайының өкілі кеше жасаған мәлімдемесінде, АҚШ-Солтүстік Корея арасындағы келіссөздер нәтижесі, АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы гарнизонының шығу-шықпауына әсер етпейтінін, себебі, бұл АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы мәселе екенін айтқан.
АҚШ президенті Сингапурдағы тарихи кездесуден кейін, АҚШ-Оңтүстік Корея бірлескен оқу-жаттығуының шығындарды арттырмайтынын, арандату сипатына жол бермейтінін айтқан.
Қазір Оңтүстік Корея жерінде 28 мың 500 америкалық әскер тұрады. Оңтүстік Корея лауазымдылары, соңғы кезде АҚШ-Корея бірлескен армиясы туралы түсініктер мен ұстанымдардың Құрама Штат жағынан нақтыланбай келе жатқанын айтады. Оңтүстік Корея лауазымдылары, Сеул мен Уашингтон тамыз айында өтетін «Бостандық еркін қорғаушылар» атты бірлескен оқу-жаттығуды тоқтату мәселесін талқылаған.
Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн мәлімдемесінде, президент Трамптың бірлескен әскери жаттығуларды тоқтату туралы ұсынысын қабылдай алатынын, әрі бұл Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту, АҚШ-КХДР келіссөзінің дамуына оң әсерін береді деп мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео осы аптада Оңтүстік Кореяға жасаған сапары кезінде, Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздану процесі алдағы екі жарым жыл ішінде маңызды қадамдар жасайды деп үміттенетінін айтты.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау