Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвилимен арада туындаған келіспеушіліктен кейін қызметінен кетті. Бұл туралы «ntv.com.tr» агенттігі хабарлайды.
Квирикашвили қызметінен кетуінің себебін бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвилимен арада түсініспеушілік болғандығымен түсіндіріп, үкіметтің барлық мүшелерімен бірге отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол енді жаңа үкіметтің құрамын Иванишлидің құруы керектігін, өзінің биліктен біржола қол үзуі мүмкін екенін де жасырмаған.
Негізінен, жергілікті ақпарат құралдары 2013 жылы премьер-министрліктен кеткен миллиардер Иванишвилидің елді жабық перде артынан басқарғаны туралы көп жазады. Нақты әрі ресми дәлелдер болмаса да, грузин халқы осы болжамдарға сенеді. Оның үстіне, қазіргі күні қызметінен кетіп жатқан Квирикашвилидің оған қатысты мәлімдемесі де осы пікірлерді растағандай.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті