«Әлем Чемпионаты – 2018» футболдан әлем чемпионатында ресейліктерден ойсырай жеңілген Сауд-Арабиясының құрама футболшылары тәртіптік жазаға тартылады. Бұл туралы «eadaily.com» агенттігі Саудия футбол федерациясының басшысы Адель Иззаттың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Әлем чемпионатының ашылуындағы жеңілісіміз бізге қатты батуда. Біздің дайындығымыздың деңгейі бұндай көрсеткішке сай емес еді. Сондықтан бұл қанағаттанарлық нәтиже емес», - деп мәлімдеген А.Иззат. Сондай-ақ, ол айыппұлды әсіресе қақпашы Абдуллаһ әл-Майюфқа, шабуылшы Мұхаммед әс-Сахлавиге және қорғаушы Омар Хавсавиге салатынын да айтып өтті. Алайда ол айыппұл мөлшерін ашып айтпады.
Кеше, 14 маусымда Ресейде «Әлем чемпионаты – 2018» футбол матчы басталғаны бәрімізге белгілі. Жарыстың бірінші күні ресейлік құрама командамен кездескен саудиялықтар 5:0 есебімен жеңілген еді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі