Түркіменстан астанасы Ашхабаттағы мемлекетке қарасты дүкендерде азық-түлік тек шектеулі мөлшерде ғана әрі тек ересектерге сатылуда. Мәселен, қант пен жұмыртқа сатып алушылар 1 килограмм қант пен 10 жұмыртқадан асырмау керек. Бұл туралы «Түркіменстан жаңалықтары» басылымы хабарлады.
Азық-түліктер алдын ала таразыға тартылып қойылған. Балаларға ешқандай тағам түрлері сатылмайды. Сатушылардың айтуларынша, егер балаларға да азық-түлік сатылатын болса, онда ата-аналар тапшы тауарлар үшін балаларын кезекке қойып қояр еді дейді.
Өткен жылдың күз айларынан бері Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы қатты артуда. Ашхабаттан тыс аймақтарда ұн, нан, қант және күнбағыс майы сынды өнімдерге кезек күшейген. Куәгерлердің айтуларынша, кейде мұндай оқиғалардың соңы жанжал мен ұрыс-керіске де ұласады екен. Тіпті елдің солтүстігінде тұрғындар кебек тиелген жүк көліктеріне шабуылдайтын жағдайға жеткен.
Халықаралық ресми ұйым сарапшылары Түркіменстандағы азық-түлік тапшылығы мен баға өсімін елдегі валютаның жетіспеушілігі мен өткен жылғы астық көлемінің аздығынан туындаған деп бағалайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы