Еуропа одағы (ЕО) АҚШ-тан импортталатын тауарларға шілде айынан бастап баж салығын енгізуі мүмкін. Бұл туралы 20minutes.fr агенттігі Еурокомиссияның 6 маусымдағы мәлімдемесіне сілтеме жасап, хабарлайды.
Еуропа Одағы АҚШ-тың ЕО-қа мүше елдерден шығарылатын болат пен алюминийге салық енгізу шешіміне жауап ретінде америкалық кейбір тауарларға шілде айынан бастап қосымша салық салуы мүмкін. Еуропа Одағы мүшелері де Еурокомиссияның америкалық импортталатын өнімдерге 2,8 миллиард еуро (3,4 миллиард $) көлемінде салық енгізу туралы жоспарын құптауда. Себебі, ЕО-ға мүше елдердің барлығы Вашингтонның әрекетін заңсыз деп санайды.
"Еурокомиссия мүше елдермен (ЕО-қа мүше елдер — ред.) серіктестік жасай отырып, шілде айында жаңа салықты енгізуді бастау үшін қазірден бастап қажетті іс-шараларды қолға алады", - деген Еурокомиссияның вице-президенті Марош Шефчович баспасөз жиынында.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр