Кеше ғарышты бес ай шарлаған Халықаралық ғарыш станциясының экипажы қазақ жеріне келіп түсті. Жезқазған қаласына жақын маңда келіп қонған капсула ішіндегі АҚШ, Ресей және Жапонияның ғарышкерлері аман-есен жер басты. Бұл туралы CNN, BBC, Fox News қатарлы танымал ақпарат көздері хабар таратты.

Ғарыгкерлерді шығару алдындағы сәт. Фото: BBC/GETTY IMAGES.
Ғарышкерлер отырған әлем кемесінің бөлшегі Жезқазған маңына 18:39 шамасында келіп түсті. Онда ресейлік Антон Шкаплеров, америкалық Скотт Тингл және Норишиге Канай атты жапон ғарышкері бар.

Жерге жетіп "уһ" деген ғарышкерлер. Фото: BBC/GETTY IMAGES.
Тингл мен Канай қарағанды қаласында дамылдап, одан ары Техас штатының Хьстон қаласына жол алды. Ал, Шкаплеров болса Мәскеуге қарай аттанды.
Аталған үш ғарышкер ғарыш кеңістігінде ғылыми-практикалық зерттеу жұмыстарын жүргізген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті