Италиялық заңгер Джузеппе Конте Италияның премьер-министрі лауазымына кірісуге ресми түрде келісімін берді. Ол бүгін, 1 маусым күні министрлермен бірге ант беруге барады. AFP агенттігінің хабарлауынша, Италия президенті Серджо Маттарелломен кездесу кезінде Конте үкіметтің жаңа құрамын таныстырды.
Әсіре оңшыл «Лига» партиясының жетекшісі Маттео Сальвини ішкі істер министрі болып тағайындалады, ал «Бес жұлдыз» («Movimento 5 Stelle») популисттік қозғалысының лидері Луиджи Ди Майо Экономикалық Даму министрлігін басқарады. Ал, осыған дейін президент Серджо Маттарелла тарапынан үкіметтің қабылдануына бірден-бір себеп болған 81 жастағы экономист Паоло Савона Еуропалық істер жөніндегі министр болып тағайындалмақ.
Еске сала кетсек, 27 мамыр күні премьер-министрлікке үміткер Джузеппе Конте президент министрлер құрамын қабылдамай қойғандықтан, премьер-министрлік лауазымынан бас тартқан еді. Бұның бәріне ел президенті Серджо Матарелланың 81 жастағы экономист Паоло Савонаның экономика және қаржы министрі лауазымына кандидатурасын қабылдаудан бас тартқан шешімі себеп болды. Яғни, президент Маттарела Савонаға бола, үкіметтің барлық құрамын қабылдамады. Осыдан кейін «Бес жұлдыз» («Movimento 5 Stelle») популисттік қозғалысы мен антииммигранттық «Солтүстік Лига» («Lega Nord») партиясы тарапынан тағайындалған жаңа премьер-министр Джузеппе Конте мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтып, үкіметті басқарудан бас тартқан еді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр