ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ауызашарға келушілер жылқы еті мен тәтті наннан уланған. Ет үй жағдайында, санитарлық шаралары сақталмастан дайындалған. Ал, крем мен май қосылған тәтті нан 5 күн бойы тоңазтқышсыз сақталған.
«Сенбі күні үйге 30 адамды ауызашарға шақырған. Алдын ала дайындалған. Ет жасыл тартып, жағымсыз иіс шығып тұрғанына қарамастан, одан ас пісірген. Крем, жұмыртқа және май қосылған тәтті нан сатып алған да, оны 5 тәулік бойы тоңазтқышсыз сақтаған. Санитарлық шаралары сақталмаған осы ауызашар тағамдары кәмелеттік жасқа толмаған төрт жасөспіріммен қоса, 20 адамның улануына әкеп соқты. Абырой болғанда, уланғандардың бәрі аман қалды», - деді маман.
Еске салайық, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кешегі ауызашардан 20 адамның уланғанын хабарлаған еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы