Сүрияда Асад режиміне қарсы күресуші оппозициялық «Тәуелсіз Сүрия әскері» тобына тәуелді оппозициялық 11 әскери топ «Ұлттық Тәуелсіз Майдан» деген атаумен күш біріктіруде, деп хабарлайды mynet.com.
Жаңадан құрылған «Ұлттық Тәуелсіз Майданның» қатарына "Фейлак-аш-Шам", "Насера әскері", "Тәуелсіз Идлиб әскері", "1-Жағалау бөлімі", "2-Жағалау бөлімі", "Таңдаулылар әскері", "Әл-Ислам Дарейя" сынды топтар қосылған.
Оппозиционерлер әлеуметтік желідегі жазбаларында «Жаңа топтың мақсаты — «Тәуелсіз Сүрия Әскері» құрамындағылардың ортақ күш біріктіруі», - деп жазды. Аталған топтың құрамына шамамен 30 мың оппозиционердің қосылғаны, олардың Башар Асад режиміне қарсы ең үлкен әскери топ ретінде күресетіні хабарлануда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы