Ауғанстанда үкімет күштеріне бағытталған террорлық шабуылдар барған сайын жиілей түсті. Өткен бір аптаның ішінде үкіметке қарасты қарулы күштерге, полицейлерге бағытталған шабуылдардан бірнешеуі болды. Апта соңында Хелман провинциясында жасалған шабуылдан 2 әскер қаза тапты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық сайты хабарлады.
Апта соңындағы шабуылда террорлық топ жарылғыш тиелген көлікпен әскери тұраққа кірген. Күзеттегі жасақтардан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған.
Кезекті шабуылды Талибан ұйымы өз мойнына алды. Қазір Ауғанстан жерінде террорлық топтардың бақылауындағы аймақтар барған сайын кеңейіп келеді. Әрі елдегі талибандар мен ДАИШ күштері күш біріктіруде. Бұл алдағы уақытта Ауғанстан ғана емес, онымен шекаралас елдер мен аймақтарға үлкен қауіп тудыратынын айтылуда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел