Тәжікстанның тоғыз миллионшы тұрғыны 26 мамырда дүниеге келген. "Ховар" ұлттық ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ел президенті жаңа туған сәбидің ата-анасын құттықтап, Душанбеден 3 бөлмелі пәтер сыйға тартқан.
Душанбе мэрі Рустам Эмомали тиісті қаулыға қол қойып, жас отбасыға пәтер кілтін табыстап үлгерген. Тәжікстан постсоветтік мемлекеттер арасында бала туу саны жағынан алдыңғы орында. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын бұл елде 200 мыңға жуық сәби дүниеге келеді.
БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Тәжікстан халқының саны 14,5 миллион адамға жетеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті