Франция президенті Эммануэль Макрон, егер Францияның құрама командасы жартылай финалға өтсе, Ресейде өтетін әлем чемпионатына баратынын мәлімдеді.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ол бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен Санк-Петербургте өткен баспасөз жиынында мәлімдеген.
Бұдан бұрын Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы (Human Rights Watch) Макрон мен өзге де мемлекет басшыларын Ресейдің Сүрия қақтығысына араласқаны үшін Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына байкот жариялауға шақырған еді.
Сонымен қатар, Халықаралық рахымшылық ұйымы (Amnesty International) да әлемдік саясаткерлерге аталған спорт шарасына бармауды айтып, үндеу жасағаны туралы да жазғанбыз. Аталған ұйым, бұл мәлімдемесін егер ел басшылары мен саясаткерлер Ресейдегі әлем чемпионатына барған жағдайда, Мәскеу билігі бұны насихаттық бағытта қолдануы мүмкін деп түсіндірген еді.
Футбол бойынша әлем чемпионаты биылғы жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейде өтпек. Айта кетейік, әлем елдері көз тігетін мундиаль Ресей мен Шығыс Еуропада алғаш рет өткізілмек.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді