Амазонкада Google мен Facebook-ке бәсекелес онлайн-сервис жұмыс жасайды. Бұл туралы businessinsider.com хабарлайды.
Соңғы анықтамалар бойынша, Солтүстік Америкадағы жарнама бизнесіне қарағанда, Амазонкадағы кіріс мөлшері өте жоғары болған. Жұмыстың басым бөлігі – онлайн-сатылымнан тұрады да, ал 60% кіріс таза жарнамадан келеді. Бір жылда 1,3 млрд АҚШ доллар табыс тауып отыр.
Жылдық табысы 80 млрд АҚШ доллары болатын Google-ға қарағанда аз, әрине. Дегенмен, Амазонкадағы онлайн сервистер жарнаманың өзінен ғана осылай табыс тауып отырғандықтан, алдағы уақытта дәл осы саладағы қызметтер жүйесіне елеулі әсер етеді. Өйкені, қазірдің өзінде компанияда 300 миллион тұрақты тұтынушы бар.
Шын мәнінде, UBS аналитигі Эрик Шериданның (Eric Sheridan) айтуынша, жарнаманы бизнеске айналдырған компаниялар бірнеше жылда өте жоғары табысты компаниялардың біріне айналады.
Амазонкадағы онлайн-сервистің қаржы директоры Брайан Олсавский (Brian Olsavsky) интернеттегі жарнаманың «өте тимді стратегия» екенін айтады. Сондай-ақ ол: «Мақсатымыз – тұтынушыларға пайдалы болу және олардың сауда жасауына барынша жеңіл жолдарды ұсыну. Біз «өте жақсы әрі тиімді» әдіспен жұмыс жасап жатырмыз деп есептеймін. Себебі, тек қана алдыға жылжу үшін күш салып келеміз», – деп сөзін түйіндеді.
«The Qazaq Times»