Осыдан бұрын АҚШ үкіметі мәлімдеме жасап, Иран Ислам Республикасының режимі өз бағытын өзгертпейтін болса, ең қатал жазалау шарасын қолданатынын жеткізген еді. Бір күн бұрын Иран президенті Хасан Рухани АҚШ үкіметінің бұл шешімін қатаң айыптады. Бұл туралы Иранның IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдемесінде, Иранға қарата 12 түрлі талап қойған. Сонымен бірге, бұл талаптар орындалмаса «өте көп мөлшердегі қаржыға эмбарго» қоятынын жеткізген. Иран президенті Хасан Рухани АҚШ үкіметін Иранның егемендігіне қарсы қысым жасап отыр деп айыптады.

ИИР президенті сөзінде: «АҚШ Иранға қысым түсіру арқылы талабын орындатуды көздейді. Алайда, Иран егеменді ел, біз бұны мүлде қабылдай алмаймыз. Кезінде тыңшылық ұйымды басқарған адам бүгінде мемлекет хатшысы болып, АҚШ үшін шешім жасауда. Ол Иран мен әлем үшін шешім айтатын ол кім еді?», – деді.

АҚШ пен Иран қайшылығы бүгінде келіссөзге мүлде мүмкіндік бермейтін күйде. Сарапшылардың басым көбі, тараптардың арасындағы қайшылық, өңірдегі тұрақсыздықты қалыптастыруынан алаңдайды.

“The Qazaq Times”