Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты әлем чемпионатының ашылу салтанатына шақырды.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен. Тілдесу барысында мемлекет басшылары екі жақтық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылаған.
Бұдан бөлек Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Мәскеу қаласында өтетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына шақырған.
Естеріңізге салайық, футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты маусым айының 14-і күні Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында болады. 2018 жылғы әлем чемпионатының шымылдығын Ресей және Сауд Арабия құрамалары ашады.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі