БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш "Хизбуллаһ" шииттік ұйымына Ливан мен өзге де елдердегі әскери әрекеттерін тоқтатуды талап етіп, үндеу жасады. Бұл туралы lemonde.fr агенттігі хабарлайды.
Гутерреш, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынған баяндамасында Ливандағы қарулы ұйым әрі саяси партия болып табылатын "Хизбуллаһты" сынап, ұйымнан ел ішіндегі және өзге де шет мемлекеттердегі әскери әрекеттерін тоқтатуды талап етті. БҰҰ бас хатшысы, бұдан бұрын "Хизбуллаһтың" Ливандағы азаматтық соғысына нүкте қоюды талап еткен Тайф Келісімшарты мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ливандағы жасақтарды қарусыздандыруға нұсқау берген шешімін аяқ асты етіп, Ливанның аймақтық мәселелерінде бейтарап саясат ұстану қағидасын бұзғанын тілге тиек етті.
Гутерреш өз баяндамасында, Ливан үкіметі мен қарулы күштерін «Хизбуллаһтың және өзге де барлық қарулы топтардың әрекеттеріне тосқауыл жасауға» шақырып, «Демократиялық елде саяси бір партияның елді соғыс жағдайына апаратын күшке ие болуы әрі мемлекеттің демократиялық, әкімшілік ұйымдарының алдында ешқандай жауапкершілікке ие болмастан жұмыстарын жалғастыруы — алаңдатарлық жағдай», - деді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті