Қытайдың "СITIC" корпорациясы Ақмола облысына инвестиция құймақ.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облысқа Қытайдың "СITIC" халықаралық инвестиция корпорациясының ресми өкілдері келген. Гэй Кайху бастап келген"СITIC" корпорациясының ресми өкілдерімен кездескен облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірдегі ауылшаруашылығына инвестиция тарту жөнінде келіссөздер жүргізген. Кездесу соңында қытайлықтар Қазақстан бидайының 25 пайызын өндіретін Ақмола облысының экономикасына инвестиция құюға дайын екендігін жеткізген.
Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын БАҚ беттерінде "Қазақстан аумағына қытайлық компаниялар 51 зауыт салмақ" - деген ақпарат тараған. Бұл қоғамда қызу талқыланып, қазақстандықтардың басым көпшілігі ел аумағына Қытай зауыттарының салынуына қарсы екендіктерін жеткізген.