НАТО Қырымдағы Керчен көпірінің ашылуын талқылап, "Ресей осы әрекеті арқылы Украинаның егемендігіне тағы да қол сұғып отыр" деп мәлімдеген. Бұл туралы france24.com агенттігі хабарлайды.
Аталған агенттік сайтында НАТО өкілінің: «Қырым Украинаның да бір бөлігі болып саналады. Ал Керчен көпірінің салынуы арқылы Украинаның аймақтың тұтастығы мен егемендігіне тағы да нұқсан келді», деген мәлімдемесі жарияланды.
Еске салайық, 15 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Керчен бұғазындағы көпірдің ашылу салтанатына қатысқан еді. Ресей басшысының осы шешімі АҚШ пен батыс елдерінің наразылығын тудырғандай. Мәселен, кешегі хабарымызда Еуродақ өкілінің "Қырымдағы Керчен көпірінің ашылуы Украинаның егемендігі мен аймақтық тұтастығын бұзу болып саналады" деген сөзі мен АҚШ мемлекеттік департаментінің "Ресейден Қырымға дейінгі автомобильді көпір құрылысы бұғазға тиімсіз әсер етеді", - деген мәлімдемесін жазған едік.
Қарап отырсақ, халықаралық ресми ұйымдардың қай-қайсысы да Ресейдің көпір салу шешіміне қарсы шығуда. Көпірдің ашылғанына небәрі екі күн өткеніне қарамастан, оған қарсы мәлімдеме жасаушы халықаралық ұйымдар мен елдер қатары көбеюде.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы