АҚШ-тағы Ресей Федерациясының елшілігі «Ресей транспорттық инфрақұрылым салу үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды», - деп мәлімдеді. Бұл туралы mepanews.com ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ресей тарапының мұндай қатқыл мәлімдеме жасауына АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің Қырым көпіріне қатысты сыни пікірі себеп болған.
«Ресей өз халқының мүддесіне қатысты, транспорттық инфрақұрылым құрылысы үшін ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес», - деген ресейлік дипломатиялық мекеме.
Еске сала кетсек, 15 мамыр күні Қырымда Керчен көпірінің автокөліктік бөлігі ашылған еді. Шараға ел президенті Владимир Путин жетекшілік жасады. Артынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Хезер Науэрт Қырым көпірінің құрылысы теңіз арқылы жасалатын тауар тасымалына кедергі келтіреді деп алаңдайтындарын айтып, сыни пікір білдірген еді. "Біз, Владимир Путиннің осы жүк көлігіне қалай отырғанын және оны Ресейден Қырымға қалай жүргізгенін көрдік. Біз осы көпірдің құрылысы мен оның ашылуына куә болдық", - деп мәлімдеген. Ал, Еуроодақ өкілі Путин Қырымда Керчен көпірін салу арқылы Украинаның егемендігі мен аймақтық тұтастығын тағы да бұзып отыр деді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы