Газадағы қарулы шабуылға байланысты, халықаралық саяси аренада үлкен толқу туылды. Израиль қарулы күштері Газадағы палестиналықтарды шекараны бұзып өтпек болды деп айыптағанымен, Израиль тарабының қару қолдануын айыптағандар көп болды.
Ең батыл айыптаулардың басында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған болды. "Анадолы" ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, президент Ердоған Лондондағы ресми сапары кезінде, Ұлыбританияның бас уәзірі (премьер-министрі) Тереза Мэймен бірге баспасөз мәжілісін өткізді. Ердоған сөзінде: «Тарих АҚШ-ты кешірмейді, Израильді тіпті де кешірмейді, біз оны көретін боламыз. АҚШ бұл аймақта ара ағайын емес, өзі бір тарап. Газадағы 60 палестиналықтың қаза табуы мен 2500 адамның жарақат алуы сол саясатының нәтижесі. Мен бұл қырғынға тағы бір рет лағнет айтамын», – деді.
Франция президенті Эммануэль Макрон Палестина басшысы Махмұд Аббас және Иордания королі Абдуллах ІІ-мен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Ол және наразылық шеруіне қатысушыларға қарата күш қолдану әрекетін айыптап, тараптарды сабырға шақырды. Палестиналықтарға көңіл айтты.
Африка Одағы тарабынан да күшті қарсылық пікірлер БҰҰ-ға жолданған. Африка Одағы Комиссиясының төрағасы Мұса Факи Мұхаммед Палестинаның егемендігін, астанасы Шығыс Иерусалим екенін, мемлекет жолындағы Палестиналықтармен бірге екенін атап өтті.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы