МИ-8 жауынгерлік тікұшағы Алматы облысындағы арнайы орталықта құрастырылады. Бұл туралы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті. Әуе кемесі биыл құрастырыла бастайды.
"Биыл біз құрастырудың бірінші кезеңіне кірісуге тиіспіз. Атап айтқанда, бұлар өте сенімді тікұшақтар. Техника түрлі салаларда өзін жақсы көрсете алды. Сондықтан жақсы сұранысқа ие болып отыр" - деді, ведомство басшысы.
Бұдан бөлек, 2016 жылы қолданысқа берілген авиация техникасын құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі Авиациялық-техникалық орталық базасында 10 соғыс ұшақтарына және 4 әскери-көлік авиациясы әуе кемелеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың 30 пайыз көлемін тікелей орталық орындайды екен.
“The Qazaq Times”
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?