АҚШ президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Дональд Трамп әкімшілігінің жаңа санкциясынан кейін Ресей қиын жағдайда қалды деп санайды. Трамптың Ресейге қатысты саясаты туралы пікірін білдірген Болтон, «Америка Дауысына» берген сұхбатында осылай деген.
«Ресей қиын жағдайда тұр. Трамп Ресейге қатысты бірқатар қатал санкциялар салды... Президенттің Ресейге қатысты қадамдары өте қатал болды деп есептеймін. Бұл ресейліктерге қатты батты» , - деді Болтон.
Ол қазіргі уақытта Ресей билігінің Украинада, Орталық және Шығыс Еуропада өз ықпалдарын арттыруға тырысатынын, сондықтан да Ресейге қатысты арада көптеген мәселелер бар екенін тілге тиек етті.
«Олар біздің тарапымыздан мұндай қадам күтпеген еді. Меніңше, Трамп өзінің «Барак Обама» немесе одан алдыңғы президенттер сияқты емес екенін көрсетті...», - дед Болтон.
Еске салайық, 6 сәуір күні АҚШ ресейлік жеті олигархқа, 17 шенеунікке және ресейлік 12 компанияға қарсы санкция салған еді. Бұл санкциялар ресейдің нарықтық қорын бұзып, рубльдің құлдырауына себеп болды.
Ресей президентінің пресс-секретары Дмитрий Песков АҚШ басшысының бұл әрекетін нағыз сорақылыққа балап, мәлімдеме жасаса, ал премьер-министр Дмитрий Медведов бұған жауап ретінде қандай да бір шаралар дайындауға тапсырма берген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы