АҚШ өзінің Ресейге бағыттаған санкцияларының 17-ші кезегін жария етті. Бұл реткі санкцияның ерекшелігі Ресейдің қорғаныс саласын, әскери өнеркәсіп және зерттеу салаларына бағытталған. Бұл туралы «WSJ» басылымының ресми сайты хабарлады.
Санкция тізіміне Ресей әскери әуе күштеріне қарасты ірі экспорт алыбы «Рособоронэкспорт» компаниясы бірінші болып енген. Бұдан кейін санкцияға ілінген әскери зерттеу-оқыту орындарынан: Ресей Қорғаныс министрлігінің №18 зерттеу орталығы; Туладағы әскери хабарласу құрылғыларын құрастыру-дамыту бюросы; Гатчин зениттік-зымыран оқу орталығы қатарлылары бар.
Сонымен бірге, 183-ші гвардиялық зениттік зымыран полкы, Бас штаб бас басқармасы да санкция тізімінде тұр. Ал, Солтүстік Корея мен Иранның әскери әуе күштеріне көмектескен деген айыппен «БАРЛ» ғылыми-өндірістік концерні бар.
АҚШ үкіметі бұл зерттеу орталықтары мен құзырлы әскери орындарды жаппай қырып-жоюшы қаруларды таратпау келісіміне қайшылық жасады деп айыптап отыр.
Кезекті санкцияда Ресейден тыс Қытай, Түркия, Сүрия, Солтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірлігі мен Хезболлаға қарасты компаниялар да бар.
“The Qazaq Times”