Бүгін таңертең Израиль Сүрияда орналасқан ирандық әскери нысандарға оқ жаудырды. Израильдің бұл әрекетіне Голан шыңдарындағы әскери шептерге бағытталған атыстар себеп болған деп хабарлайды, ТАСС агенттігі.
Аталған хабарда Сүрия территориясындағы ирандық күштерге тиесілі «Әл-Құдыс» әскери нысандарына шабуыл жасалған. Әскери базаның баспасөз қызметінде «Иранның осындай үздіксіз шабуылы олардың Сүрияға мықтап бекінуге тырысып жатқандарын және Израиль мемлекетіне төнген қауіпті білдіреді. Әрі аймақтың тұрақтылығына нұқсан келтіреді», - деп жазған. Негізінен, Израиль мен Иран арасындағы түсініспеушіліктің жалғасып келе жатқанына аз уақыт өтпеді. Енді әскерилер, Иранның Сүрияға бас сұғуына немесе сонда орналасып қалуларына жол бермейтіндерін айтты. Олар: «Израильдің қорғаныс әскері Иран Израильдің егемендігі мен оның азаматтарына қауіп төндіргенін тоқтатпайынша, неше түрлі жоспарларын жүзеге асыруға дайын екенін» , - айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы