АҚШ президенті Трамп кешегі мәлімдемесінде, Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен кездесудің уақыты мен орны тұрақтанып болғанын білдірді. Алайда, бұл мәліметтер құпия күйінде қалды. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.
Трамп Ақ үйде жасаған мәлімдемесінде, Құрама Штаттың осыған дейін Солтүстік Кореямен алдағы келіссөз дайындықтары жөнінде байланыс орнатып келгенін айтты. Трамп сөзінде: «Біз келіссөздің уақыты мен орнын тұрақтандырдық және келістік. Бұл туралы көп ұзамай хабарлайтын боламыз. Бірақ, қазір емес», – деді.
Трамп осыдан бұрын Ким Жоң Унмен болатын кездесудің екі Корея шекарасындағы Панмынжомда өтуі мүмкін екенін айтқаны бар. Естеріңізде болса, осыдан бұрын (27 сәуірде) екі Корея басшысы да осы арада тарихи кездесу өткізген еді. Алайда, жұма күні Оңтүстік Корея президентінің мәлімдемешісі, Оңтүстік Корея тарабы АҚШ-тың мұндай хабарламасын тапсырып алмағанын айтқан.
Бұдан сырт, АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әскерін шығару мәселесі туралы сұрағанда, Ақ үй басшысы: «Бұл мәселе Ким Жоң Унмен келіссөз тақырыптарының арасында жоқ», – деп жауап береген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау