Жапонияның бас уәзірі (премьер-министрі) Шинзо Абе (Синдзо Абэ) Шығыс туры аясында Израиль жұртында сапарда болды. Оның Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху арнайы күтіп алды. Екі ел басшысы Израиль мен Жапония арасындағы қарым-қатынастармен қоса, өңірлік мәселелер төңірегінде де сөйлесті. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Израиль премьер-министрі кездесуде Иранның алты ел қол қойған ядролық келісімге адал болмағанын алға тартты. Ол Иран режимі ядролық бағдарламаны жасырын жүзеге асырып жатқанын қайталады.
Кездесу кезінде Беньямин Нетаньяху: «Иран өзінің ядролық бағдарламаларын табысты түрде сақтап келді. Алты ел қол қойған келісім Иран режимінің өтіріктері мен жалған ақпаратына негізделген нашар келісім болып қалды», – деді.
Осы аптаның бас шенінде Израиль тарабы сол елдің Барлау агенттігі жинаған ақпараттарды жария етіп, Иран тарабының жасырын түрде ядролық бағдарламаны жүзеге асырып жатқанын мәлімдеген болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау