Кеден қызметкерлері "Қорғастағы" кәрізден контрабандалық тауарларды анықтады. Табылған заттардың жалпы салмағы 5 жарым мың келіден асып кеткен. Бұл туралы "Қорғас" кеден бекетінің қызметкерлері мәлімдеді.
Тәркіленген тауарлардың барлығы уақытша сақтау қоймасына жеткізіліпті. Кеденшілер соңғы бір аптада бекет аумағынан 16 мың тоннадан астам контрабандалық өнімді анықтаған екен. Олардың дені - сондағы саудагерлерге тиесілі. Пысықайлар алған заттарына ақы төлемеу үшін, осындай әрекетке баратын көрінеді. Кеден аумағында контрабандалық тауарлардың жиілеп кеткеніне байланысты, құзырлы орын өкілдері енді ондағы тәртіпті күшейтуге кіріскен.
“The Qazaq Times”