Ертең мәскеуде Астана процесінде кепілгер болған елдердің СІМ басшылары Ресейде кездеспек. Айталық, Түркия, Ресей және Иранның сыртқы істер министрлері Мәскеуге жиналады. Бұл туралы Түркияның ресми ақпарат агенттігі хабарлады.
Кездесуде Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Шавушоғлу, Ресей сыртқыі стер министрі Сергей Лавров, Иран СІМ басшысы Жеват Зариф бас қосып, Астана процесінде қалыптасқан ынтымақтастықты дамыту және Сүриядағы мәселе турасында талқы өрістетпек.
Сүриядағы тұрақсыздықты реттеу мақсатында Астана процесі 2017 жылдың бас шенінде елімізде басталған. Бұл Ресей, Түркия және Иран елдерінің, сондай-ақ Сүриядағы тараптардың арасындағы келіссөздерге өзіндік ықпалын жасады.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі