Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның қай жерде кездесетіні белгілі болды.
Оңтүстік Корея президент әкімшілігі таратқан мәлімет бойынша, Мүн Жайн Солтүстік Корея басшысымен екі ел арасындағы демаркацияланған аймақта кездеспек. Ким Жоң Ун мен Мүн Жайн бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30-да бас қоспақ. Айта кететін бір жайыт, Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары соңғы рет 65 жыл бұрын кездескен.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Солтүстік Корея басшысы АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Майк Помпеомен кездескен. Аталмыш кездесуден кейін Ақ үй әкімшілігі Дональд Трамп пен Ким Жоң Ун маусым айында Прага, Варшава, Хельсинк, Стокгольм, Осло, Женева, Банкок, Сингапур немесе Ұлан-Батырда кездесуі мүмкін деген ақпарат таратқан.