Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов «Орталық Азия елдері басшыларының кеңесін» құруды ұсынды.
Түркіменстан ресми БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Құрбанғұлы Бердімұхамедов Өзбекстанға жасаған ресми іс-сапары барысында наурыз айында Астана қаласында өткен «Орталық Азия елдері басшыларының саммитін» «Орталық Азия елдері басшыларының кеңесі» - деп өзгертуді ұсынған. Бердімұхамедовтың ұсынысы бойынша, «Орталық Азия елдері басшыларының кеңесі» бес жақтық кездесулерді жиі өткізіп тұруға көмектеседі. Ол үшін кеңес аясында арнайы жұмысшылар тобы құрылып, аймақтағы бес мемлекеттің сыртқы істер министрлері алдын ала күн тәртібіндегі мәселелерді белгілейтін болады.
Естеріңізге салайық, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Орталық Азия елдері басшыларының саммиті» наурыз айының 15-і күні Астана қаласында өткен. Оған Түркіменстан басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедов қатыспаған. Ол өзінің орнына ұлы Сердар Бердімұхамедовты жіберген.
“The Qazaq Times”
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды