Оңтүстік Корея президенті кезекті мәлімдемесінде, Солтүстік Кореяның алдағы уақытта Трамппен болатын келіссөз үшін алғы шарт қоймайтынын айтты. АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары арасындағы кездесуде Корей түбегінің ядролық қарусыздану мәселесі талқыланады деп күтілуде. Бұл туралы Yonhap ақпараттық агенттігі хабарлады.
Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн кеше Сеулде өткен бизнес басшыларымен кездесу кезінде: «Олар Құрама Штатқа келіссөз үшін қандай да бір шарт бекіткен жоқ. Айталық, АҚШ армиясын Корей түбегінен шығару талабы. Олар қауіпсіздік мәселесінен бұрын Солтүстік Кореяға қаратылған дұшпандық саясаттың аяқталуын талап етпек», – деді.
Оңтүстік Корея басшысы сөзінде: «Менің білуімше, ядролық қару мәселесінде оңтүстік-солтүстік екі тараптың көзқарасында ешқандай айырмашылық жоқ, Солтүстік Корея ядролық қаруды толығымен жоюға келісім беріп отыр», – деді. Ол және 27 сәуір күні болатын Оңтүстік- Солтүстік Корея басшыларының кездесуінен кейін, КХДР басшысы АҚШ тарабымен кездесуді бірден бастай беруі керек екенін айтты.
АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесу уақыты әлі анық емес.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді