Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми іс-сапармен бармақ.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, қазіргі таңда ресми іс-сапармен Анкара қаласында ведомства басшысы Қайрат Әбдірахманов жүр. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-сапары қарсаңында Түркия СІМ Мевлют Чавушоглумен екі жақтық келіссөздер жүргізген. Нұрсұлтан Назарбаев Анкараға ресми іс-сапармен жазда бармақ. Ол іс-сапар барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және жергілікті бизнес элита өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.
2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылдармен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 1,9 млрд долларды құраған. Қазақстанға «Yildiz Holding», «Eczacibasi Holding», «Abdi Ibrahim», «Anadolu Holding», «Aselsan Elektorinik» және «YDA Holding» тәрізді 32 түркиялық компания шикізаттық емес салаға 1,4 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды