Ресей Facebook әлеуметтік желісін бұғаттауы мүмкін – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Сәуір айының 18-і күні «Известия» газетіне сұхбат берген «Роскомнадзор» басшысы Александр Жаров Facebook әлеуметтік желісі жөнінде әңгіме қозғаған. Онда ол: «Егер Facebook біздің қойған талаптарымызды 2018 жылдың соңына дейін орындамаса, онда оны бұғаттау мәселесін көтеретін боламыз» - деген.
Бұдан бөлек ведомства басшысы сұхбат барысында Ресей аумағында алдағы уақытта «Amazon» және «Google» сервистерінің жұмыс істеуінің өзі үлкен сұрақ екендігін айтқан. Жаровтың сөзінше, қазірдің өзінде «Роскомнадзор» «Telegram» әлеуметтік желісін бұғаттау барысында ІР-мекен-жайы «Amazon» жүйесіне тіркелген 15 миллионға жуық акаунтты бұғаттаған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды