Сүрия мемлекеттік телеарнасының бүгін таңертеңгі хабарында, 14 сәуір күні таңсәріде АҚШ және оның одақтас елдері Сүрияға қарсы әскери операцияларын бастаған. Бұл туралы Сүрия мемлекеттік арналарына сілтеме жасай отырып, "Шинхуа" ақпараттық сайты хабарлады.

Дамаск қаласына қанатты зымырандар атылды. Фото: Xinhua.
АҚШ президенті Ұлыбритания мен Франция күштерімен бірлесе отырып Сүрияға қарсы қарулы шабуыл жасауға шешім қабылдаған.

Сүрия тарабы қарсы шабуыл жасауда. Фото: Шинхуа.
Сүрия тарабы қарсы шабуылға өткен. Сүриядағы SANA ақпарат агенттігінің бұл туралы хабарында, Сүрия күштері Дамаск қаласының оңтүстігінде 13 зымыранды атып түсіргені айтылған. Алайда, Ақ үй мәлімдемесі бұны жоққа шығарды. Аталған агенттіктің хабарында АҚШ, Ұлыбритания, Франция үш елдің "Сүрияға қарсы агрессиясын" айыптаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді