АҚШ Иранның орта ғашықтықта ататын баллистикалық зымыран сынағын жасағанын мәлімдеді. Бұл реткі сынақ Теһраннан 200 шақырым қашықтықтағы Семнан қаласы маңында жасалған. Уашингтонның хабарына қарағанда осыдан бұрынғы сынақ 2016 жылы маусымда болған. Бұл туралы Түркия ақпарат агенттігі хабарлап отыр.
Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайсер бұл туралы ашып жарып мәлімет бермеді. Алайда, БҰҰ-ның жоғарғы кеңесі Иранның бұл реткі сынағынан кейін жедел жиналыс ашуға шешім жасаған. Естеріңізде болса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2015 жылы Иранның 8 жыл бойы атом қаруын тасымалдайтын баллистикалық зымыранды дамытуға тиім салған болатын.
Бұл Иран атом мәселесінің тағы да дау-дамайға ұласатынын білдіріп отыр. Иранның ядроны дамыту ісін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қатты қадағалауға алған. Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежад биліктен кеткенге дейін, Иранның ядро ісі Орта-Шығыстағы қайшылыққа толы халықаралық мәселе болып келген. 2013 жылы билікке келген Хассан Роухани дипломатиялық келісімдер арқылы Еуропа мен АҚШ-тың Иранға қаратқан санкцияларының бетін қайтарған болатын. Хассан Роухани президент болғалы Иран қайшылығы біртіндеп бәсейіп, ядролық соғыстың қауіпті көзі ретінде Солтүстік Корея аталып келді.
Бұл реткі баллистикалық зымыран сынағы АҚШ пен БҰҰ-ның басты назарына ілінді. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы мұнай тасылмал жолының қауіпсіздігі үшін, Еуропа елдері де бұрынғыдай Иранның ядроны дамытуына қарсы, АҚШ-тың сөзін сөйлеуі мүмкін. Кремль болса Трамптың телефонын қабылдағаннан кейін, әуелгідей Иранды іштей қолдай қоя ма, жоқ – оны алдағы жылдардың геосаяси ауқымы көрсетеді.
Жақында Иран президенті Хассан Роухани науырыз айында Ресейге сапарлай бауды жоспарлап отырғаны мәлім болды. Ресей мен Иран кейбір халықаралық маңызды проблемаларда бір-бірін жақтап шығатын кездері көп. Бұл селбестікке Орта-Шығыс мәселелерінде Еуропан мен АҚШ-қа қарсы тұру үшін екеуі де бірдей мүдделі.
“The Qazaq Times”