АҚШ президенті Доналд Трамп, 30 қаңтар күні кеште, екі бірдей жоғары лауазымды қызметкерді орнынан алып тастаған. Global Times басылымының хабарына негізделсек, сол күні АҚШ Иммиграция және Кедендік құқық органының атқарушы директоры Дэниел Рагстал мен Әділет министрі Салли Иейтсті (SallyYates) лауазымынан алып тастаған. Салли Иейтс осыдан бұрын Трамптың иммигранттарды шектеу саясатына қарсы болған еді.
Дүйсенбі күні Әділет министрінің уақыттық басшысы Салли Иейтс Трамптың жеті ел азаматтарының АҚШ-қа кіруін шектеу бұйрығын орындамайтынын жариялап еді. Ол Әділет департаментінің заңгерлеріне АҚШ президентінің бұл бұйрығы заңға сәйкес келмейтінін айтқан.
АҚШ мемлекеттік хабар-байланыс корпорациясы (NBC) хабарында АҚШ Иммиграция және Кедендік құқық органының атқарушылық қызметін Дэниел Рагсталдың орынбасары уақытша атқарып тұрады. Ақүй Салли Иейтсты міндетінен босатқаннан кейін Вирджинияның шығыс округының прокуроры Дана Боэнтеге АҚШ Әділет министрлігінің басшылығы уақытша тапсырылды.
Бұл Трамптың өз саясатын табанды жалғастырам дегені. Ол үшін өзіне кедергі келтіретін лауазымдылардың бәрін де жолынан ысырып тастамақ. Қарсылықтарға қарамастан Трамп ислам елдерінен келетін босқындарды батыл тежегелі отыр.
“The Qazaq Times”