АҚШ лауазымдыларының бірі жексенбі күні сол елдегі БАҚ-қа берген хабарына қарағанда, Солтүстік Корея басшысы АҚШ-пен ядролық қарудан бас тарту туралы келіссөз жүргізуге дайындалып болғанын жеткізген. Бұл КХДР басшысы өткен айда АҚШ президентімен кездесу туралы хабарлағаннан кейін, алғаш рет келіссөз кездесуіне дайын екенін білдіруі. «Шинхуа» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Өткен айда Трамптың бұл кездесу туралы жасаған мәлімдемесінде, Солтүстік Корея басшысымен мамыр айында кездесуге келіскенін айтқан еді. Дегенмен, келіссөз мазмұны, кездесудің күн тәртібі мен қатысатын лауазымдылар туралы егжей-тегжейлі мәлімет әлі күнге дейін таратылмады.
Алайда, ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, Уашингтон (Вашингтон) мен Пиоңяң (Пхеньян) арасында қазірдің өзінде құпия байланыс орнатылған.
Трамп өзінің бұған қатысты мәлімдемелерінде тек Корей түбегінің ядролық қарусыздануына шақырып келеді. Солтүстік Корея тарабы санкциялардың жеңілдеуі үшін ядролық бағдарламаларын тоқтатуға уәде берген. Бірақ, бұл уәде осыған дейін де орындалмай келген болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел