АҚШ пен Ресей арасындағы дипломаттарды елден қуалау ісінен кейін, екі тарап бір-біріне жаңа дипломатия қызметкерлерін жіберуі мүмкін. Бұл туралы CNN арнасы елдің АҚШ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Аталған арнаға мәлімет берген АҚШ СІМ лауазымдысы: «Мұндай жағдай бұрында болған, қазір де қайталанып отыр. Кезектескен дипломатиялық соққылардан кейін, АҚШ пен Ресей бір-біріне жаңа дипломаттар жіберуі әбден мүмкін», – деген. Ол және Ресей тарабынан елдегі АҚШ дипломаттарының санын осы шамада қысқарту туралы талап, арыздар келмеген. Соған қарағанда, Ресейден қуылған дипломатия қызметкерлерінің орынын толықтауға болады деп қарайды.
Екі ел арасындағы соңы бір жылда дипломатия дағдарысы бір емес, бірнеше рет болды. АҚШ-тың дипломаттарды шығару, елшілік жабу қадамдарын Мәскеу тарабы айнытпай қайталап келген. Егер алдағы уақытта АҚШ Ресейдегі дипломатия қызметкерлерін қайта толықтап жатса, онда АҚШ-қа ресейлік жаңа дипломаттар баруы мүмкін.