2010 жылы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген Әзімжан Асқаровтың әйелі Хадиша Асқарова Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды. Бұл centralasian.org хабарлады.
Хатта күйеуінің кінәсі жоғы айтылып, президенттен істі тәуелсіз сарапшыларға жіберуін сұраған.
Хадиша Асқарова 2010 жылы Ош облысындағы оқиға кезінде Сооронбай Жээнбековтің сол аймақты басқарғанын, бұл оқиғаны жақсы білетінін айтады. Ол президент айыбы жоқ адамдарды жазалауға жол бермейді деп үміттенеді. Хадиша күйеуіне рақымшылық жасаса екен деп те тілейді.
Асқаров 2010 жылы Ош облысындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген. Кейін БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитеті құқық қорғаушыны босатуға шақырған. Іс 2017 жылы Шу облыстық сотында қайта қаралған. Бірақ сот Асқаровқа қатысты үкімді сол күйінде қалдырды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді