Ресей Латвияның экономикалық аумағында зымырандарын сынақтан өткізбек – деп хабарлайды Leta ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Ресей Федерациясы Латвия тарапына сәуір айының 4-і мен 6-сы аралығында Латвияға тиесілі экономикалық аймақта зымырандарын сынақтан өткізетіндігін ескертіп хат жолдаған. Бірақ Латвия қорғаныс министрлігінің қандай зымырандар сынақтан өтетіндігін сұраған сауалына Ресей тарапы жауап бермеген. РФ аталмыш сауалға тек барлық қауіпсіздік шараларын сақтайтындығын айтқан.
Естеріңізге салайық, 23 наурыз күні Латвия сыртқы істер министрі Гинтс Егерманис «Скрипаль ісіне» байланысты ел аумағынан Ресей дипломатын шығаратындықтарын мәлімдеген. Ол Латвия билігінің бұл қадамын "Еуроодақ елдеріне деген сыйластықтың нышаны" - деген.